Бұл туралы «Коммерсантъ» газеті жазды, деп хабарлайды RB.ru сайты.
Зерттеулерге сәйкес Ресей әлемнің 183 елінің арасында 123-орында тұр. Өткен жылы РФ 120-орында еді. РФ рейтингінің төмендеуіне методологияның өзгеруі себепші болды. 2011 жылды зерттеу кезінде DB-2010-да он көрсеткіштің тек тоғызы ғана пайдаланылды, «Коммерсантқа» ХҚК-нан баяндаманың тең авторы Светлана Багаудинованың айтуынша, «жұмысқа қабылдау» көрсеткіші есептеу методологиясының өзгеруіне байланысты пайдаланылған жоқ. 2010 жылы РФ көші-қон саясатында кейбір оң өзгерістер орын алды.
Дегенмен, осы методологияның өзгертілуі Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания және АҚШ бастап келе жатқан 2011 жылғы рейтингінің көшбасшыларының құрамына әсер еткен жоқ.
Осы жолы дағдарыстан кейінгі реформалардың көшбасшысы Қазақстан болды. Ең табысты реформаторлардың қатарында - Руанда, ол «кәсіпкерлік қызметін реттеудің күнделікті реформасын өткізіп тұрады», одан кейін Кабо-Верде мен Замбия, Перу, Вьетнам, Тәжікстан, Венгрия, Гренада мен Бруней.