Мемлекет басшысы жаңа зауыт жұмысшыларының алдында үлкен перспективалар ашылып отырғанын атап өтті.
«Зауыт дамып келеді, мүлде жаңа технологиялар бар, енді екінші алюминий зауытын саламыз, алюминийден түрлі өнімдерді, ыдыс-аяқ, терезе, есік, қалағанның барлығын шығарамыз. Бізде, әсіресе жастарда болашаққа үлкен перспектива, жақсы жалақы, жақсы өмір бар. Сонымен құттықтаймын сіздерді», - деді Н.Назарбаев нысанда болу барысында.