Маңызды оқиға - «Нұр Отан» партиясының XVI съезінен алған әсерлерімен оның қатысушысы, «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның президенті Арман Есенжолов бөлісті.
«Съезге қатысқан мыңнан астам адам партияның атынан Нұрсұлтан Назарбаевты үміткер ретінде алға жылжытылуы үшін бірауыздан дауыс берген. Еуразиялық Топтың құрамына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның ұжымы - 10 мыңға жуық адам Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауға қатысу шешіміне қолдау білдіруде. Біз, металлургтер, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы, Қазақстанымыздың гүлденуі үшін бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті акционерлік қоғамның басшысы.
Жиналыстың соңында жұмысшылар ұжымы металлургтердің партия шешімін қолдаған үндеуін бекітті.