деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олардан 42 килә героин алынды.
Басқарма бастығының сөзіне қарағанда, комитет қызметкерлері наша бизнесінен түскен ақшаны заңдастыру фактілерін назардан тыс қалдырмаған. Мәселен, топ жетекшісінің зайыбына тіркелген фирманы тексеру барысында 39 млн. теңгеден астам міндетті салықты төлемеу оқиғасы анықталған. Енді бұл фактіде қылмыстық жолмен келген ақшаның қатыстылығы тексерілмек.
«ҰҚК қызметкерлері кәсіпкерлік қызметке, қымбат көліктер мен Оңтүстік Қазақстан облысында жылжымайтын мүлік сатып алу жолымен қылмыстық ақшаларды жария ету фактілерін тіркеп, хаттамалады», деді басқарма бастығы.