Жарыстың сегізінші күнінде қазақстандық спортшылар үш медальға қол жеткізді. Алтынды Павел Воржев, күмісті Артем Захаров (екеуі де велотректен), қоланы Әуезхан Құрбанқұлов (белбеу күрестен) иеленді.
Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы 49 жүлдемен (15-13-21) алтыншы орында келеді.
Үздік үштік қатарында, Түрікменстан - 193 (77-54-62), Иран - 77 (19-15-43), Өзбекстан - 89 (16-26-47) тұр.