Қазақстан әзірге ТМД елдері арасында дағдарыс жағдайында «мұртын балта шаппай» отырған бірінші және жалғыз мемлекет - Украинаның www.imk.com.ua сайты

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – Қазіргі қаржы дағдарысы бір немесе екі жылға емес, кем дегенде үш-бес жылға созылады. ТМД елдері мұны өте қатты сезінетін болады, өйткені бұған жалпы әлемдік мәселелер бір жағынан киліксе, негізгі қорлардың ескіруі, өндірістік және басқару инновацияның жоқтығы, сондай-ақ саяси ахуалдың (бірқатар жағдайларда) белгісіздігі секілді қиындықтар екінші жақтан қысады.

Украинаның www.imk.com.ua сайтында наурыздың 30-ында жарияланған "Әлем ортасы ма, әлде жер кіндігі ме?" атты материал осылай басталады. - Бұл тұрғыдан алғанда мәселенің шешілуін сырттан емес, ішкі ресуртардан, оның ішінде мұнай немесе газ саласынан емес, азаматтардың сенімі мен бүгінде ұмытыла бастаған шынайы отансүйгіштік сезімнен, қоғамды біріктіруден, ұлттық бірліктен іздеу қажет, - делінген онда. - «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» Мәскеу қоры дайындаған, «Бұрынғы КСРО: үкіметтің дағдарысқа қарсы әрекетін бағалау» арнайы баяндамасында авторлардың пікірі бойынша, зерттеудің бірегейлігі (әлемнің 21 мемлекетінен 134 сарапшының пікірі жиналған) кеңестік республикалардың жоғарғы басшылығының іс-қимылында емес, жаһандық экономикалық үрдістердің өзгеруінде және не болып жатқанын түсіне білуде болып отыр. Бұрынғы КСРО-ның кеңістігі мемлекеттердің барлық саладағы тіршілік ету деңгейіне қазіргі дағдарыстың тигізіп отырған әсерін зерттеуге арналған бүкіләлемдік полигонға, сондай-ақ басқа елдерде, аймақтарда, құрлықтарда пайдалануға болатын экономикалық және саяси шешімдерді шешу алаңына айналды. Ал ТМД мұндай қадау-қадау шешімдер жасауға өте қолайлы. Мұнда, экономикалық ахуалды дамытудың жаһандық сценарийі ? кем дегенде үшеу, деп сендіреді ғалымдар. Бұл сценарийлер ? теория емес. Олар тәжірибе жүзінде ғана жүзеге асырылады, сондықтан да олардың тиімді немесе тиімсіз жақтары қосымша «есептеулер» мен «өлшемдерді» еш қажет етпейді, олардың барлығы онсыз да көрініп тұр. Бұл аз десеңіз, қандай да бір экономикалық немесе саяси бағытқа бейілділік тереңдеген сайын, ТМД кеңістігінде бұрынғыдай бір ғана аймақтық орталық ? Мәскеу емес, осындай үш орталықтың ? Мәскеу, Киев және Астананың құрылғандығын байқаушылардың сенімі арта түседі. Үш астана несімен ерекшеленеді және олардың келешекке деген «сценарийлік» жоспарлары қандай? Нұсқаларды таңдап ал «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қорының зерттеушілері біз айтып өткендей, экономикалық және саяси дамудың үш негізгі жолын ұсынады. Біріншісі ? консервативтік жол. Қазір Ресей осы жолмен келеді, оның мақсаты барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қол жеткен күшті бекіту және дағдарысқа дейінгі жағдайды сақтап қалу. РФ-ның дағдарысқа қарсы ұстанған басты міндеті осындай және оны орындауға елдің ЖІӨ-нің 12 %-ы жұмсалуда. Екінші нұсқа ? инновациялық немесе реформалық. Оның сипаты Қазақстанда көрініс тауып отыр. Мұндағы дағдарыстың әсері басқа жердегіден кем емес. Дегенмен, жаман айтпай жақсы жоқ - демекші, Қазақстан «кім бізге қолбайлау жасаса, сол бізге көмектеседі» деген ұстанымды таңдады. Басқа сөзбен айтқанда, дағдарыс кең көлемде реформа жасауға, әсіресе, мұны мемлекеттік басқару саласында жүргізу арқылы экономикалық дамудың инновациялық әдісіне көшуге себеп болды. Басқару реформасы қалай көрініс береді? Қазақстан үкіметі «төтенше жағдай» режімінде жұмыс жасайды, мәселенің шешілу қырлары ? бір сәттіктен орта мерзімдікке дейін болса, ал тапсырылған міндеттің орындалуына шенеуніктің жеке жауапкершілігі өте жоғары: орындай алмадың ба ? ендеше еңбек биржасынан орын ізде. Экономикалық инновация қалай жүзеге асырылады? Әзірге, сол АҚШ немесе Еуропа ірі банктерді мемлекетке сатып алуды және кәсіпкерлік үшін салық ауыртпашылығын қарау туралы мәселені енде-енді ойластыра бастаса, Қазақстанда төрт ірі банк мемлекет бақылауына өтті, бірқатар салық түрлері төмендетілді (салық жинаудың жекелеген түрлері алынып тасталды), шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салынды. Қазақстан әзірге ТМД елдері арасында қазіргідей дағдарыс жағдайында «мұртын балта шаппай» отырған бірінші және жалғыз мемлекет. Бұған қазақстандық сценарийдің барлық тиімді тұстары топтастырылған. Дегенмен, барлық тиімсіздік шоғыры да осында: экономикалық реформалардың барлығын үкіметтің бір ғана қате басуымен, бір сәтте жойып жіберуге болады. Енді, соңғы сценарий ? ол саяси. Ол конфронтациялық та. Бұл ? «украиндық модель», «төменгі демократияның» саяси тәжірибесінің арқасында белгілі деңгейдегі экономикалық табыстарға жетуге болады. Мұндай сценарийдің тиімділігі ? (саяси, әлеуметтік-экономикалық) «ахуалдың өткірлігі». Сараптаушылардың пікірінше, кім қатты науқастанса, сол бәрінен бұрын құлан-таза айығып кетеді. Дегенмен, сырқаттың тиімсіздігі де осында ? ол дендеп кетті, ал оны сауықтыратын дәрі-дәрмек (тиімді мемлекеттік дағдарысқа қарсы шаралар) жоқ. Мұндағы көңілге ұялатар жалғыз үміт ? демократиялық институттардың дамуы мен нағыз азаматтық қоғам құру. Ал халық ше?Мұндай көңілге жұбаныш бермейтін қорытындыны социология растайды. «Үкіметтің дағдарысқа қарсы әрекетін» зерттеуге сәйкес, Украинада халықтың 70 пайызы Министрлер Кабинетінің ешқандай да дағдарысқа қарсы бағдарламасы жоқ деп біледі. Ал, елді сақтау жолындағы шұғыл шараларды «ФОМ-Украина» социологиялық сауалнама қызметіне жауап қайтарғандардың 13 пайызы қолдайды.Салыстыру үшін айталық, Қазақстанда мемлекет басшыларының әрекетіне жұртшылықтың 66,3 пайызының көңілі толып отыр, ал сауалнамаға жауап бергендерің 70 пайызы Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар бар және олар табысты орындалып жатыр деп сенеді. Ресейде дағдарыстан шығудың мемлекеттік бағдарламасы туралы халықтың 58,5 пайызы біледі, үкіметтің экономикалық қиындықпен күресіне 40,7 пайызы сеніммен қарайды.Жақын арада ахуалдың бұдан да шиеленісе түсетіндігіне отандастарымыздың 80 пайызы сеніп отыр. Ал Қазақстанда мұндай пессимистер 16,6 пайыз болса, Ресейде ? 43 пайыз. Ресейлік жұртшылықтың 45 пайызы келешекке деген жақсы үмітін президент Медведевпен байланыстырса, халықтың 44,3 пайызы өз тағдырын В.Путинге сеніп тапсырмақ. Қазақстан халқының жартысынан астамы, 53,4 пайызы президент Нұсұлтан Назарбаевқа имандай сенеді, ал қазақстандықтардың 32,5 пайызы үкіметке үмітпен қарап отыр. Билікке жаңа толқынның келуін Ресейде азаматтардың 16 пайызы, ал Қазақстанда 10,6 пайызы күтеді. Ал Украинаның бар күтері жаңа билікте. Мұнда билікке жаңа саясаткердің келуін қоғамның 54,8 пайызы сарыла күтеді. Президент Ющенкоға жұртшылықтың бар болғаны 9 пайызы ғана сенім танытады, ал үкіметке деген көзқарас ? 22 пайызды құрайды. Шетелдік сарапшылардың дағдарыс салдарынан саяси және әлеуметтік ахуалдың шиеленісуі мен әлеуметтік жағдайдың асқынуына болжамының «жүлдесін» бір ауыздан Украинаға беруі таңғалыс тудырмаса керек. Тіпті біздер үшін олар арнайы термин де ойлап тауыпты ? «мемлекеттік басқару саласындағы дефолт» деген. Сірә, біз оған жақындап қалған сияқтымыз. Қауіптілік дәрежесі бойынша бізге тек Грузия ғана жетіп қалды. Үшінші орында ? Ресей және Балтық елдері (едәуір арақашықтықпен). Жағымсыз рейтингінің ең соңын Қазақстан мен Түрікменстан бөліседі.