«Сауда мен халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру үшін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бірнеше негізгі бастамаға тоқталуға рұқсат етіңіздер. Біз кедендік рәчсімдерді оңтайландыратын, өнімді тіркеу және сертификаттау жүйесін жеңілдететін, шекараны кесіп етудің жылдам және ашық процесіне септігін тигізетін цифрлық шешімдерді енгізіп, дамытып жатырмыз. Бұл шаралар тауарлардың экспорты мен импорты кезінде уақыт пен шығындарды қысқартуға бағытталған», - деді ол.
Вице-министр соңғы уақытта еліміз Азияны еуропамен, Таяу Шығыспен және Ресеймен қосатын көлік-логистикалық дәліздерді белсенді дамытып жатқанын атап өтті.
«Бұл бағдарлар сауда ағынының артуына септігін тигізеді және трансқұрлықтық сауданы жүзеге асыру үшін тұрақты көлік инфрақұрылымын қамтамасыз етеді. Біз өнімдік ілгерлетуге арналған шығындарды өтеуді, экспорттық мәмілелерді сақтандыруды, сонымен өатар шетелдерде маркетигтік алаңдар құруды қамтитын экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық және қаржылық емес бағдарламаларын дамытамыз. Қазақстан АӨІСШК аясында азиялық елдермен ықпалдастық пен ынтымақтастықты тереңдету бастамасын белсенді қолдайды. Бұл үшін АӨІСШК елдерімен сауда өзара қарым-қатынасты, оның ішінде тауарлар тізілімін әртараптандыру және көлемін кеңейту, сондай-ақ құн құру жаһандық тізбесін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер іздеу жолдары арқылы да жандандырады. Орнатылған бизнес-серіктестік негізінде нақты инвестициялық ұсыныстар жасалатын болады», - деді Қайрат Төребаев.
2023 жылы АӨІСШК елдері Қазақстан экономикасына 1,6 млрд инвестиция құйды. Алдайда сыртқы факторлар АӨІСШК елдерімен сауда-саттыққа теріс әсерін тигізіп отыр.