«Қазақстан Барысы-2017»: 34 балуанның 16-сы жарыс жолынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Астана төріндегі 'Барыс Арена' спорт кешенінде қазақ күресінен 'Қазақстан Барысы' турниріне қатысып жатқан 34 балуанның 16-сы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді алғашқы айналымнан сүрінбей өткен 16 балуан ары қарай жарысты жалғастырады.

Олар:

Шыңғыс Шоқпытов (Ақтөбе) - Айбат Сейтен (Астана)

Арман Қалиев (Атырау) - Абай Ерболұлы (Жамбыл)

Асыл Бәрменов (Қарағанды) - Жаңабай Мейрамбек (Маңғыстау)

Еламан Ерғалиев (Әскер Барысы) -Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау)

Александр Касачев (Алматы обл) - Ержан Шынкеев (Қарағанды)

Қасымхан Абылайхан (Қостанай) - Айбек Нұғымаров (ШҚО)

Ұлан Рысқұл (Алматы обл) - Әділжан Ыстыбаев (ОҚО)

Руслан Әбдіразақов (Алматы) - Кенжебек Күзембаев (Атырау).

Естеріңізге сала кетейік, биыл ЭКСПО-2017 аясында ұйымдастырылып жатқан додаға еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан іріктелген ең мықты 34 балуан қатысып жатыр.

Жарыстың жүлде қоры - 50 миллион теңге. Айталық, балуандар әр белдесудегі жеңіс үшін - 100 000 теңге көлемінде сыйақы алып отырса, жарыс соңында бас жүлдені жеңіп алған балуан 25 миллион теңгені қалтасына басады, ал бапкері 3,5 миллион теңге сыйақы алады. Екінші орынға ие болған балуан 5,5 миллион теңгемен марапатталса, бапкері 1,8 миллион теңгеге ие болады. Үздік үштікті түйіндеген балуанның қалтасы 1,8 миллион теңгеге толықса, бапкері 900 мың теңгені қанжығасына байлайды. Бұл турнирде балуандар ғана емес, көрермендер мен жанкүйерлер де сыйлықсыз қалмайды. «Қазақстан Барысының» финалдық бәсекесіне кіру билеттері бойынша «Renault Logan» маркалы автокөлігі ойнатылады.