Бұл жайлы бүгінгі Астанадағы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан Барысы» қорының төрағасы Арман Шораев мәлім еткен болатын. Енді, олардың кімдер екеніне тоқтала кетсек.
ЕРЖАН ДҮЙСЕНБЕКОВ
Аймағы: Шымкент
Лақап аты: Шымкент барысы
Туған күні: 01.01.1987
Бойы: 190 см
Салмағы: 135 кг
Спорттық атағы: Қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер
«Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: Тұңғыш рет
Бапкері: Бауыржан Тұманбаев
ӘДІЛЖАН ЫСТЫБАЕВ
Аймағы: Шымкент
Лақап аты: Хамза
Туған күні: 27.08.1992
Бойы: 180 см
Салмағы: 93 кг
Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Жастар арасындағы Әлем чемпионы (2011), Ересектер арасындағы Азия чемпионы (2011, 2013), әлем чемпионы (2017).
«Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: 2011, 2017 ж.
Бапкері: Ғани Ақмұратов
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Қазақстан Барысы» турнирінде бақ сынайтын 35 балуанды жеке-жеке таныстырып өткен болатынбыз.