Бұл туралы бүгін Қытайдың «Халық газеті» сайты хабарлады.
Шыңжаңның тексеру- өткізу мекемесінің мәліметіне қарағанда, ақпанның 22-сі күні 14 вагонға тиелген құны 178 мың АҚШ доллары тұратын қазақстандық бидай Алатау сағасы кеденінен өтті. Қаңтардың 19-ынан бері жиыны 163 вагон бидай экспортталған. Бұл бұдан бұрын болмаған Қытайға шығарылған Қазақстан бидайының ең көп мөлшері болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр тамызда Қытайдың Жұң Лиаң ЖШС-і Қазақстанның «Кленкор астық өнімдері» ЖШС-і мен 10мың тонна бидай импорттауға тоқтам жасасқан болатын.