ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан бокс федерациясы Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіне қатысты шағым жолдады. Бұл жайында федерацияның баспасөз қызметі Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолданды. Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сәкен Бибосыновтың бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дипак Кумармен шеберлік байқасты. Бұл кездесу Сәкенге оңайға түскен жоқ.
Алғашқы екі раундта Сәкен Бибосынов басымдық көрсеткенімен, төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға беріп жіберді.
Сондай-ақ Серік Теміржанов ширек финалға шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).