ОРАЛ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Қазақстан дауысы» тележобасында Батыс Қазақстаннан Айнара Айтқалиева мен Таңат Жексенбаев бақ сынауда.
Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен қос әнші бүгін кешке финалдық бәсекеде тікелей эфирде өнер көрсетеді. Бұдан кейін әр тәлімгерден (Медеу Арынбаев, Нұрлан Албан, Мәдина Сәдуақасов, Алмас Кішкенбаев) екі-ақ үміткерден қалады. Оны тәлімгермен бірге көрермендер дауыс беру арқылы анықтайды. Айнара тәлімгер ретінде Мәдина Сәдуақасованы таңдап алса, Таңат Нұрлан Албанның тобында жаттығуда.
А.Айтқалиева мен Т.Жексенбаев - Орал өңіріне біршама танылып қалған жас әншілер. Бұған дейін де байқауларға қатысып, лауреат атанып жүрген Айнара мен Таңат «Қазақстан дауысынан» озып шығудан үмітті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).