деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствосынан.
Елші Ақылбек Камалдинов еліміздің дамуындағы Ата Заңның рөлі туралы әңгімелеп берді, жапондық журналистерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру үдерісімен таныстырды.
Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған шаралары жиналған қауымның айрықша ықыласын аударды.
Дипломат сонымен бірге БҰҰ-ның Ядролық қарусыздану мәселелері жөніндегі ХХІ конференциясына қатысу аясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың күншығыс еліне жасаған жұмыс сапарының қорытындысына тоқталды.