Қазақстан Еуразия өңіріндегі шиеленіскен тараптарды татуластыруға бітімші ретінде күш салуда - Мемхатшы
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында атап өткендей, алдағы отыз жылда жер шарындағы өркениет соғыс пен шиеленістердің торабын бұзатындай даналыққа жетеді. 21-ші ғасырда адамзаттың ортақ мақсаты - әлемді соғыс пен шиеленістерден және олардың себеп-салдарларынан бір жолға арылтатын сратегияны жүзеге асыру. Сондықтан да Қазақстан Президенті «Жаһандық стратегиялық бастамалар-2045» жоспарын әзірлеуді ұсынды»,-дейді Мемлекеттік хатшы. Бұл жоспардың мақсаты - адамзат дамуына бүкіләлемдік жауапкершілікпен қарау, жалпы, әлемдегі инфрақұрылымға, нарықтар мен ресурстарға барлық ұлттардың қолы жететіндей жаңа құбылыс әкелу. «Құрметті әріптестер, адамзат дамуының жаңа сатысындағы міндеттерді нақты анықтап алатын уақыт жетті. Бұл ретте, ЕҚЫҰ-ға да түсетін салмақ артады. ҚР Президенті жария еткен «Жаңа болашақ» тұжырымдамасы - бұл ядролық, энергетикалық, ауыз су мен азық-түлік қауіпсіздігі, сенім мен өзара түсіністік, жаңа реформалар туралы құжат. Қазақстан Еуразия өңіріндегі шиеленіскен тараптарды татуластыруға делдал ретінде күш салған және күш сала береді де»,-деді сөзін түйіндеген Мемлекеттік хатшы.