АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Жерді қашықтан зондылаудың ғарыштық жүйесін құру жоспары бойынша жоғары және орта рұқсаттағы ғарыш аппараттары компоненттерін дайындау, ғарыш жүйесін жобалау кезеңдері аяқталды. Бұл туралы бүгін Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
Агенттік басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта жерді қашықтан зондылаудың ғарыштық жүйесінің жерүсті сегменттерін жасау жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 45 қазақстандық маман Франциядан жобалау, құрастыру және сынау бойынша 2 жылдық машықтанудан өтуде.
«Бұған қоса жоба бойынша шешілмеген проблемалар бар. «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ пен оның субмердігер ұйымы «Атриум САЗ» айналымына салынатын қосымша құн салығынан босату мәселесін шешу қажет», - деді Т.Мұсабаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.