ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы, соның ішінде қазақ ұлты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты көшбасшысы болғандығымен бақытты. Өйткені ол бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болып, саяси сергелдеңнің кесірінен құрдымға кеткелі тұрған елді аман сақтап қалды. Қанша қиналса да, тығырықтан алып шықты. Бұл туралы Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний мәлім етті.
Оның пікірінше, тәуелсіздіктің жиырма жылында Қазақстан Республикасы орныққан мемлекетке айналды. Онымен қазір әлемнің алпауыт елдері санасады. Елбасымыздың саяси-экономикалық салалардағы жетістіктерін айтпағанда, ең жоғары лауазым иесінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде Отанымызда ұлтаралық және дінаралық келісім мен татулық орнады.
«Елбасының: «Ислам мен православие еліміздің рухани қос қанаты» деген тамаша сөздерінің мағынасы қандай жақсы! Біз келешекте татулық мен ынтымақ жолында еңбек етіп, Н.Назарбаевтың сындарлы саясатына қолдау көрсете бермекпіз», деді Антоний әкей.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).