«Қазақстанның сейсмикалық аудандары шамамен 475 мың шаршы шақырым алаңды алып жатыр. Бұл республика жалпы аумағының 18 пайызы. Сейсмикалық аудандарда тұратын халық саны 6 млн. шамасында. Яғни, Қазақстан халқының 38 пайызы», деді Агенттік төрағасы. С. Нокиннің айтуынша, Қазақстанның сейсмикалық аудандарында жалпы тұратын үй қорының шамамен 38 пайызы орналасса, өнеркәсіптік өндірістік қордың 28 пайызы, ауыл шаруашылығының өндірістік қорының 29 пайызы шоғырланған.
13:23, 24 Тамыз 2010
Қазақстан халқының 38 пайызы сейсмикалық аудандарда тұрып жатыр
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан халқының 38 пайызы сейсмикалық аудандарда тұрып жатыр. Бүгін бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен селекторлық кеңесте ҚР Құрылыс істері және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.