ҚР Кәсіподақтар федерациясының жаңа басшысы болып Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым сайланды.
«Бүгін Астанада федерацияның Бас кеңесі жаңа төрағаның кандидатурасына бірауыздан дауыс берді», - делінген федерацияның ресми сайтында таратылған хабарламада.
2013-2017 жылдар аралығында ҚР КФ басқарған Әбілғазы Құсайынов өз қалауы бойынша қызметінен босатылды.