Қазақстан құрамасы Токиода жасөспірімдер арасында өткен Азиялық Паралимпиадалық ойыннан олжалы оралды

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Токиода жасөспірімдер арасында алғашқы Азиялық Паралимпиадалық ойындар аяқталды. Онда табысты өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы 23 медаль қанжығалады. Атап айтқанда, қазақстандық жасақ 7 алтын, 12 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстанның    барлық   паралимпиадашылары   жүзу жарыстарынан    Азиялық ойындардың  наградасымен   оралуда, бір  медаль - жеңіл атлетикадан  алынды,  деп   хабарлады  Спорт  комитетінен.

Қазақстан құрамасы   бүгін, қыркүйектің  14-інде Астана  уақыты   бойынша 21.35-те Сеул-Алматы рейсімен  Алматы  халықаралық  әуежайына   келеді.