ҚР ҚМ Мемлкеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде азаматтардың, көлік құралдары мен жүктердің өткізілмейтінін хабарлайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмыс істеп тұрады.
«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.