Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен «ҚТЖ ҰҚ» АҚ-ның 2012 жылдың қорытындысы мен 2013 жылдың басым бағыттарына арналған кеңесте аталған компанияның басшысы Асқар Мамин мәлім етті.
Дүниежүзілік банктің логистиканы дамыту индексінің мақсатты мән-мағанасын ескере отырып, біз өзіміздің алдымызға 155 елдің ішінде 2020 жылы 40-шы орынға жету мақсатын қойдық. Ол үшін бізге орта мерзімді кезеңде, яғни 2015 жылға қарай рейтингтегі 86-шы орыннан 50-шіге ауысуды қамтамасыз ету қажет», - деді А. Мамин.
Биылғы жылдың жоспарларына тоқталған ҚТЖ басшысы, жүк айналымы жылына 236,7 млрд. көлемінде жоспарланып отырғандығын жеткізді.
Сонымен қатар жолаушылар тасымалы айналымы 16 млрд. жолаушы-шақырымнан кем болмайды деп күтілуде. Бұдан бөлек кіріс 922 млрд. деңгейінде, таза табыс 125 млрд. теңгеден төмен болмайды деп болжануда.