Қазақстан мен Қытайдың шекарасында күші екі балдық жер сілкінісі тіркелді

ӨСКЕМЕН. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Дүйсенбі күні сағат 11.44-те Қазақстан мен Қытайдың шекарасында күші 2 балдық жерасты дүмпуі тіркелді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінен.

ҚР Ұлттық  ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институтының  мәліметтері  бойынша,    жер сілкінісі   Алматы  облысының аумағында:   45,53 градус солтүстік  ендікте, 82,39 градус   шығыс бойлықта     тіркелді.

Сол күні сағат  14.35-те   күші  2 балдық   тағы бір жер сілкінісі    тіркелді.   Жерасты  дүмпуі   Қазақстанның аумағында:  47,37 градус солтүстік ендікте, 82,44   градус шығыс бойлықта  орын   алды.