Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосқан бірқатар тұлға «Құрмет» және «Достық» ордендерімен наградталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Фото: Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі
Президент Жарлығына сай, ӨР премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев пен ӨР Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков - «Достық», ал ӨР Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Сайид пен Қазақ мәдени орталығының бұрынғы төрағасы Дамир Қалдыбаев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Фото: Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі
Еңбегі еленген мемлекет және мәдениет қайраткерлеріне наградаларды Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов табыс етті. Оның барысында екі елдің арасындағы мәдени, әдеби байланыстардың барынша нығайып келе жатқаны атап өтілді.
Тараптар алдағы уақытта да бұл бағыттағы қарым-қатынасты ілгерілетіп, ынтымақтастықта жұмыс істеуге сенім білдірді.
Фото: Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігіФото: Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.