Қазақстан мен Ресей басшылары жаңажылдық құттықтаулармен алмасып, туысқан халықтарға ізгілік, игілік және гүлдену тілектерін білдірді

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін әріптестердің бастамасымен В.В.Путин Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевпен және Украина Президенті В.Ф.Януковичпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары жаңажылдық құттықтаулармен алмасып, туысқан халықтарға ізгілік, игілік және гүлдену тілектерін білдірді», - делінген хабарламада.