Құжаттың мақсаты инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады. Конвенция уағдаласушы мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
«Конвенция екі мемлекеттегі заңды және жеке тұлғаларға қосарланған салық салуды жоюға мүмкіндік береді. Салық төлеушіге бір рет, яғни уағдаласушы мемлекеттердің бірінде ғана салық төлеу рәсімі бекітіледі. Ал әріптес мемлекет салықтың төленген сомасын есепке жатқызады. Екіншіден, инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады. Үшіншіден, мемлекеттердің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтарудан болдырмау мәселесі реттеледі», деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Айта кетерлігі, Конвенцияда қолданылатын салықтар Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы, ал Сауд Арабиясында зекет болып табылады. Бұдан бөлек, табиғи газдың инвестициялық салығын қамтитын табыс салығы да еніп отыр.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.