Аталған Келісімге2007 жылғы 21 қарашада Братислава қаласында, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Словак Республикасына ресми сапары барысында қол қойылған.
Келісім Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастардың дамуына серпін береді. Бұл ретте екі елдің өзара инвестицияларын ынталандыруға үлкен мүмкіндіктер қарастырылып, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жол ашылады.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы инвестициялық заңнамасында көзделгендегіден өзге қағидаларды белгілейтін бірқатар ережелерді қамтып отыр. Мәселен, Келісімнің 5-бабында инвесторға оның инвестицияларын экспроприациялаған және мемлекет меншігіне алған кезде өтемақы төлеу көзделген. Сондай-ақ Келісім тараптардың арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылатын, халықаралық төрелік сотын қалыптастыру рәсімдерін егжей-тегжейлі регламенттейтін ережелерді қамтиды.
Келісім оны алдағы уақытта ұзарту мүмкіндігімен 10 жыл мерзімге жасалды. Заң жобасы алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылмақ.