«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жүргізген зерттеулеріне сәйкес, спирт ішімдіктерін тұтыну деңгейі жөніндегі рейтингте Қазақстан 188 елдің арасында 34 орынды иеленіп отыр. Еліміздің әрбір азаматы жылына орта есеппен шамамен 5,5 литр таза этил спиртін немесе 11 литр арақ тұтынады екен. Нәтижесінде Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі арақты ең көп ішетін ел ретінде танылып отыр», - дейді ҚР Премьер- Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, алкоголь өнімін тұтынуды қысқарту және оның айналымын реттеу үшін Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар жүктеген. Заң жобасы осы мәселелерді реттеуге арналады.