Министрдің айтуынша, Париж климаттық келісімін іске асыру Қазақстан үшін маңызды міндеттердің бірі. «Париж келісімі базасында «жасыл экономикаға» көшу жол картасын әзірлеп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жүктелген болатын. Энергетика министрлігі Париж климаттық келісіміне қосылуға бағытталған жүйелі жұмыстар мен «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдасын жүзеге асырып келеді. Былтырғы жылдың қыркүйегінде өткен Кеңес отырысында парниктік газдарды 90-жылдардың деңгейіне қарағанда 2030 жылға қарай сөзсіз мақсат ретінде 15 пайыз, шартты мақсат ретінде 25 пайызға ерікті түрде төмендету туралы шешім қабылданды», - деді Қ. Бозымбаев.
Оның айтуынша, бүгінгі күні Елбасының Париж келісіміне қосылу туралы Жарлығының жобасы әзірленді.
Министрдің мәліметінше, Қазақстанда 1990-2014 жылдар аралығында шығарындыларды 3,18 млрд. тоннаға азайтты. Сонымен бір мізгелді абсолюттік шығарындылар көлемі энергоқамтымдылықтың төмендеуіне қарамастан 2001-2015 жылдар аралығында 2,1 есеге артқан. «Шығарындылардың үлкен көлемі Қазақстада энергетика саласына ғана тиесілі емес, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына да бұның қатысы бар», деді Қ. Бозымбаев.
Еске салайық, 2016 жылғы 29 маусымдағы жағдай бойынша Париж келісіміне әлемнің 178 мемлекеті қол қойған, оның ішінде 19 ел БҰҰ депозитарийінде ратификациялау құжаттарын ұсынған.