Бұл пікірді бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезі аясында ұйымдастырылған брифингте Израильдің бас сефард раввині Шломо Амар білдірді.
«Тек сұхбаттастық пен өзара келісім жолымен ғана түрлі халықтар мен мәдениеттер бейбітшілікке қол жеткізе алады. Қазақстан Президенті мен халқы оған үлгерді. Конфессияаралық келісім мен төзімділікті қамтамасыз етудегі сіздердің елдеріңіздің табысы барлық әлемге үлгі», - деді ол.
Діндер арасындағы айырмашылық өзара түсіністік, төзімділік, конфессиялар арасындағы кедергілерді жою сынды жайттардан маңызды еместігіне тоқталған мәртебелі мейман: «Астана форумында бізге осы жайттарды талқылауға мүмкіншілік мол. Өйткені бұл елде Президент Нұрсұлтан Назарбаев халықтармен қатар діннің, мәдениеттің, түрлі идеология мен көзқарастағы қоғамның басын қосқан «жаңа Біріккен Ұлттар Ұйымын» құрды», -деді.