Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, бақыт пен сәттілік тіледі

ТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, бақыт пен сәттілік тіледі.