Аталған азаматтың спорттық сөмкесін қарау кезінде одан ішкі істер органдарында тіркелмеген «ПМ-ультра» пневматикалық тапаншасы, оған арналған 2500 дана оқ-дәрі, 14 дана газ баллоншалары табылды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 482-бабына сәйкес ұсталған азаматқа қатысты материалдар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық ішкі істер бөліміне берілетін болады.
10:38, 28 Қазан 2015
Қазақстан-Ресей шекарасында тіркелмеген тапанша мен газ баллондарын алып өтпек болған қазақстандық ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей шекарасындағы шекара қызметінің Орал шекара отрядына қарасты «Жайық-теміржол» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы «Мәскеу-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жасау кезінде 1997 жылы туылған Максим есімді қазақстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.