Бас Прокурор Қайрат Мәмидің шақыруымен салтанатты шараларға қатысу үшін елдің барлық аймақтарынан соғысқа қатысқан прокуратура органының қызметкерлері Астанаға келді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Жеңіс Күнін тойлау аясында ардагерлердің жанқиярлық еңбектері және прокуратура қызметкерлерінің батырлықтарын дәлелдейтін тарихи экспонаттар мен құжаттарға толы Бас прокуратура мұражайының ашылуы болды.
Жеңістің 65 жылдығы құрметіне Бас прокуратура басшылығы барлық соғыс ардагерлеріне, оларға теңестірілген тұлғалар мен тыл еңбеккерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етті.
Ұлы Отан соғысының екі ардагері - прокуратура қызметкерлері И. Гапич пен С.Дүйсенов Мәскеуде өтетін салтанатты шеруге шақырылғанын айта кеткен жөн.