Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы тағайындалды

ТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысының Өкімімен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды,

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдады. Университетті бітіргеннен кейін 2001-2003 жылдары ҚР СІМ үшінші хатшы атташе, 2003 жылы Әзербайжандағы ҚР Елшілігінде үшінші хатшы, екінші хатшы, 2003-2007 жылдары Нидерландыда ҚР істеріндегі уақытша сенімді өкіл болды.

2007 жылы ҚР СІМ баспасөз қызметінің бөлім бастығы, 2007-2008 жылдары ҚР Президенті хаттамасының сарапшы-кеңесшісі, 2008-2009 жылдары ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары, 2009 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.