Осыған байланысты ҚР Президенті халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдай құру туралы үкіметаралық келісімге тезірек қол қойылатынынына сенімін білдірді.
Н.Назарбаев ШЫҰ бойынша әріптестеріне қолда бар коммуникациялық мүмкіндіктерді белсенді пайдалануды ұсынды. Бұл орайда Қазақстан Президенті «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль жолының қазақстандық бөлігін салу 2015 жылы аяқталатынын хабарлады, ал қытай шекарасынан Каспий теңізіне дейін теміржол салуды да 2015 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жолбағыттарды ШЫҰ барлық мүше-елдері өздеріне тиімді жағдайда пайдалана алады, деп пайымдайды қазақстандық Мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін жасаудың маңызын атап көрсетті. Ол аймақтағы су проблемасына тағы да айналып соқты және бұл мәселені талқылау үшін ашық диалог алаңы қажеттігін баса айтты.
«Бұл проблеманы бізден басқа ешкім шешпейді, сондықтан да біз бұл арада, өз аймағымызда ымыраға келуге тиіспіз», - деп мәлім етті Мемлекет басшысы.