Қазір министрліктің ақпаратына сәйкес қазақстандықтар БҰҰ базасында Могадишода қауіпсіз жерде. «Олардың өмірлері мен денсаулықтарына еш қауіп жоқ. Қазір Сомалиден Қазақстанға ұшып келетін бағдар мәселесі шешілуде», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ә. Жайнақов.
Қазақстандықтар СІМ-ге көмекке жүгінген жоқ. «СІМ-ге көмекке ешкім жүгінген жоқ. Алайда біз барлық мән-жайды анықтап, қажетті көмек көрсетеміз», - деп қосты ол.
Сергей Северин мен Николай Бочкарев Алматыдағы №405 авиа жөндеу зауытының қызметкерлері. Олар Сомалиде тікұшақтарға қызмет көрсету жұмыстарын атқарып келген.
Еске салсақ, Сомалиде бортында жарылыс болып, Daallo Airlines компаниясының Airbus A321 ұшағы шұғыл қонған. Салдарынан екі адам зардап шеккен. Кейіннен Сомали үкіметі жарылыс салдарынан ұшақ терезесінде үлкен тесік пайда болғанын мәлімдеді.