деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан спортын дамыту қоры президентінің міндетін атқарушы Владимир Лысенко 2009 жылдың соңына қарай «Үздік спортшы» және «Үздік бапкер» аталымы бойынша жоба жасалғанын және 2010 жылдан бастап бұл шара «Спорттың үздіктері» деген атпен кең ауқымды жоба болып жүргізілетіндігін жеткізді. «Бұл жоба аясында «жыл спортшысы», «жыл бапкері», «спорт комментаторы», «белсенді жанкүйер» сияқты 30 аталым бойынша конкурс жариялаймыз. Еліміздегі спорт саласының үздіктерін оқырмандар өздері анықтап, www.frsk.kz порталына дауыс бере алады. Бұны ұлттық жүлде ретінде жоғары деңгейде өткіземіз деген ойдамын», дейді В.Лысенко.
Жиын барысында ҚР Велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Прокурин қызметінен кететінін және өзі жұмыс атқарған аралықта Қазақстан велоспортшылары табысты нәтижелерге қол жеткізгендігін айтты. «Осы салада жұмыс істеу барысында 19 велоспорт мектебі және әлем бойынша ең мықты «Астана» велокомандасы құрылды. Қазіргі күні «Астана» командасы құрамында қазақстанның 13 спортшысы өз өнерін көрсетуде. Соңғы уақытта аталмыш командамен Федерация басшыларының ауысқаны белгілі, сондықтан бұл баспасөз мәслихатына соңғы қатысуым», деді өз сөзінде Н.Прокурин.