Конференцияның қатысушылары тәуелсіздік қалыптасуының құқықтық қырларын талқылады. «Конференцияның жұмысы ҚР қоғамдық-саяси жүйесін, конституциялық заңнамасын жетілдіруге бағытталған. Бұл шара құқық қоргау органдары мен сот жүйесі қызметінің жақсаруына септігін тигізеді», деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Конференцияға ғалымдар, әділет және прокуратура органдарының қызметкерлері, сондай ақ судьялар қатысты.