Бұл туралы бүгін Қазақстан теміржолы компаниясының алқа мәжілісінде аталған мекеменің басшысы Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2009 жылы мемлекет экономикасы үшін аса маңызды 2 инфрақұрылымдық теміржол желілерінің құрылысы басталды. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 445 шақырымдық құны 230 млрд. теңгені құрайтын «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желілерінің құрылысы басталды. Осыған байланысты бұл маңызды екі жобаны Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Яғни 2011 жылдың желтоқсанында жүзеге асырылады», деді А. Мамин.