«1994 жылы еліміздегі жан басына шаққандағы Ішкі жалпы өнім 700 доллардан сәл ғана астамды құрады, ал 2011 жылдың 1 қаңтарында 12 еседен астамға өсті және 9 мың долларды құрады. Біз өз жоспарымызда мұндай деңгейге тек 2015 жылы жетуді көздеген болатынбыз», - деді Мемлекет басшысы.
"Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешбір ел қол жеткізген емес», - деді Президент.
11:39, 28 Қаңтар 2011
Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылында әлемде болып көрмеген нәтижелерге қол жеткізді-Н. Назарбаев
АНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылында әлемде болып көрмеген нәтижелерге қол жеткізді. Бүгін, 28 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.