деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті ұйымдастырған болатын. Екі күнге созылған бұл жарысқа 12 команда қатысты. Бұл жолы «Қазақстан» телеарнасының командасы үздік шықты. Ал «Хабар» агенттігі мен «Жас Қазақ» газетінің біріккен командасы - екінші, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің командасы жүлделі үшінші орынды иеленді. Ал өткен жылы жеңімпаз атанған «Айқын» және «Литер» газеттерінің командасы бұл сайыста топтық кезеңнен өте алмады.