Бұл туралы бүгін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов айтты.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы еліміздің басты көлік компаниясы ретінде жолаушылар тасымалы сервисі мен тасымалдау қызметі сапасын жақсарту бағытында тұрақты жұмыс істеуі қажет», - деді ҚР Премьер-Министрі.
Оның атап өтуінше, ел экономикасының барлық салаларының нәтижелі дамуы көп жағдайда көлік саласының үйлесімді жұмысына тәуелді.
«Компания біздің еліміздің экономикасына жұмыс істеуі, бар әрі орын алуы мүмкін сын-қатерлерге нақты қарсы әрекет етуі тиіс. Өздеріңіз білетіндей Қазақстан нарықтық экономикадағы ел. Біз ашық экономикаға, еркін саудаға әрі инвестиция тартуға барынша қолдау білдіреміз», - деді С.Ахметов.