Бұл рейтинг елдердің цифрлық технологияларды дамытып, оларды экономикалық трансформацияны жеделдету мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолдану қабілетін бағалайды.
Негізгі бағыттар бойынша:
Білім және адами капитал – 33-орын (цифрлық дағдылар, кадр даярлау, ғылым);
Технологиялық даму – 46-орын (реттеушілік, инвестиция, инфрақұрылым);
Болашаққа дайындық – 27-орын (бизнес икемділігі, eGov, ІТ-ге бейімделу).
Қазақстанның күшті тұстары:
Цифрлық бизнестерді іске қосуға жоғары дайындық;
Электронды мемлекеттік қызметтердің кеңінен енгізілуі;
Телекоммуникация және ІТ инфрақұрылымының дамуы.
Басым бағыттар:
Цифрлық дағдылар мен жасанды интеллект бойынша білім беруді дамыту (AI People, AI Qyzmet, Tomorrow School бағдарламалары);
Жасанды интеллект пен дербес деректерді қорғау саласындағы нормативтік базаны күшейту;
Деректер орталықтарын салу, цифрлық платформалар мен стартаптарға арналған экожүйені іске қосу.
Айта кетейік, Қазақстан білім беру бағдарламаларынан бастап суперХҚКО-лар мен ұлттық жасанды интеллект платформасына дейінгі «цифрлық мемлекет» инфрақұрылымын дәйекті түрде қалыптастырып, Орталық Азия өңірінде цифрлық көшбасшылыққа ұмтылуда.
Әділет министрлігі цифрлық сот орындаушы жүйесінің алғашқы нәтижелерін таныстырды.