Кездесу барысында Жаслан Мадиев пен Тонни Бао цифрлық технологиялар мен цифрлық экономика саласындағы соңғы үрдістер мен мүмкіндіктерді талқылады.
«Жасанды интеллектті, бұлттық технологияларды және басқа да озық шешімдерді дамыту – біздің цифрлық трансформациямыздың басым бағыттары. Бүгін талқылаған жобалар елімізде аталған цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған үлкен әлеуетті көрсетіп отыр. Әлемнің алпауыт технологиялық компаниялармен ынтымақтастық бізге ақылды қалалар құруға, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - деп түйіндеді Жаслан Мадиев.
Huawei компаниясы Қазақстанда 26 жыл бойы жұмыс істеп келеді және Қазақстанның аймақтық цифрлық орталық құру бағытындағы тұрақты дамуына ықпал ете отырып, сенімді ұзақ мерзімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеді.