«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері жыл басымен салыстырғанда өскен - М.Өтеғұлов

МАТЫ. 27 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері жыл басымен салыстырғанда өскен. Активтер 72,6%-ға артып, 176,5 миллиард теңгені құрады, міндеттемелер - 91,3 миллиард теңгеге дейінгі 19,8%-ды құрады, ал меншікті капитал 3,3 есе артып, 85 миллиард теңгеден асып түсті.

Бұл жайында аталған банктің басқарма төрайымының орынбасары Мәулен Өтеғұлов Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.

Аталған банк қызметінің жоғарыда айтылған көрсеткіштерінің өсуі оның тұтас банктік қызметтер нарығындағы ұстанымын нығайтуына ықпалын тигізген.

2011 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша «Қазақстан тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның халықтың екінші деңгейлі банктердегі ұзақ мерзімді салымындағы үлесі 5,7%-ды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,8% өскен.

«Құрылыс және тұрғын үй салуға берілетін кредиттің жалпы көлеміндегі үлесі жыл басынан бері 0,8 пайызға артып, ағымдағы жылдың 1-ші маусымындағы жағдай бойынша 9,1%-ға жетті», -дейді М.Өтеғұлов.

Сонымен қатар 2011 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша «Қазақстан тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның жыл басымен салыстырғанда бүкіл екінші деңгейлі банктер арасында актив көлемі бойынша 16 орыннан 15-ке, меншікті капитал көлемі бойынша 11 орыннан 5-ке, ал халықтың ұзақ мерзімді салымының көлемі бойынша 7 орыннан 6-орынға ауысқанын айта кеткен жөн.