«Жаныңда жүр жақсы адам» көп сериялы деректі фильмдер топтамасы қазақ халқының болашаққа деген сенімі, кез келген қиын жағдайда тығырықтан шығуы, жақсылыққа жаршы бола білуі жайында болмақ. Деректі фильмдер топтамасының мақсаты - өмірден алынған оқиғаларды бір тележобаға арқау етіп, отансүйгіштік пен адамгершілікті жаңа қырынан насихаттау. Сюжеттің прототиптері - өмірде бар адамдар.
20-шы қарашадан бастап, сағат 18. 25-де дүйсенбі мен жұма күндері аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көріңіздер!