Қазақстан Универсиада-2017 жарысында медаль саны бойынша екінші орында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Универсиада-2017 жарысының 4-ші күні аяқталды, деп жазады Sports.kz.

Оның қорытындысы бойынша, командалық есепте 14-3-6 медальмен ресейліктер алда келеді. Екінші орында 6-2-7 медальмен Қазақстан өкілдері тұр. Үздіктердің үштігін 3-1-1 медальмен Франция тұйықтайды.

Ертең 8 медаль жиынтығы сарапқа салынады.