АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінің финалистері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандықтар жартылай финалда жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің екі дүркін финалисі Оңтүстік Корея құрамасына жол берді.
Алдымен Заңғар Нұрланұлы Ким Мубибуге есе жіберді 3:6, 0:6.
Әмір Омарханов таразы басын теңестірді. Есеп 4:3 болған мезетте кореялық теннисші ракеткасын мінбеге лақтырып, ол балаға тиді. Сол себепті рефери кореялықты ойыннан шеттетті.
Үшінші, шешуші ойында Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қарсыластарынан ұтылды - 4:6, 3:6.
Ертең Қазақстан үшінші орын үшін Таиланд құрамасымен таласады.
Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Таиланд командалары әлем чемпионатына жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен 16 жасқа дейінгі ел құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінде жеңіліп қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).