15 пен 20 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер өздерінің керемет дайындығын паш етіп, палаткалы лагерьде Калашников автоматын жинап-шашуды көрсетті. Бұл ретте команда қыздары жігіттерге ешқандай дес бермеді, бұл жаттығуды олар 20-25 секундта жасап шықты. Осыдан кейін қатысушылар барлық әскер түрлерінің қолбасшылықтарымен кездесу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов пен ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов ҚР ҚК әскерлерінің қызметі мен құрамы және даму перспективасы туралы әңгімеледі. ҚР Қарулы Күштерінің тұсаукесерінде ҚР ҚК ҚӘ жарағында тұрған атыс қаруының үлгілері, таяу ұрыс құралдары, оптикалық аспаптар, 9 мм Макаров тапаншасы, 9 мм АКС тапаншасы ұсынылды. Оның ерекшелігі 200 м оқ атудың көздеу қашықтығы болып табылады, оқшантай сыйымдылығы - 20 патрон, ПП-90, АК-74 автоматы орнатылған ұңғы асты гранатаатқышы және орнатылған түнгі көздеуіші бар, түнгі көздеуіші бар Драгуновтың мергендік винтовкасы және 6 мәрте ұлғаюымен, РПГ-7 гранатаатқышы. Одан басқа, жиынға қатысушылар Қазақстан армиясы арнайы бөлімшелерінің жарағында тұрған қару-жарақ жүйесін, әскери барлаудың техникалық құралдарын көрді. Оның ішінде «Радиотосқауыл» дабылдама кешені, ол күзетілетін аймақтан 3 шақырым қашықтықта бұзақорды анықтауға мүмкіндік береді. Лаңкестікке қарсы тапсырмаларды шешу үшін кез келген кедергілерді бұзып өтетін, ақпаратты алып, тарататын «Робот-барлаушы» жүйесі көрсетілді. Сонымен қатар, әскери-патриоттық клуб мүшелеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары көрсетілді.