Таратылған ақпаратқа қарағанда, егістік алқаптарын «цифрландыру» мемлекеттік қолдау тетіктерін жеңілдетіп, бюрократия мен жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай қысқартатын болады.
«Қиындықтар туындағанымен олардың барлығын да шешуге болады. Мәселен, фермерлердің бірі порталда тіркелгеннен кейін БИН-ін жүктеу барысында базадағы өзінің алаңшасын табал алмайды. Не болмаса шынайы көлемнің жер кадастріндегі көлемінен айырмашылығы болуы мүмкін. Кейбір өңірлерде әкімдіктер бұл мәселелерді бір күннің ішінде «жершілер» арқылы шешеді, яғни ақпаратты өзектендіреді. Дегенмен, фермерлер тарапынан жер кадастрының сапасына қатысты шағымның жеткілікті екенін мойындау қажет. Бұған қоса, бұл тек қана мемлекеттік ведомстволардың емес, сонымен бірге фермерлердің де кінәсі. Көпшілігі тіпті ЭСҚ-да алмаған. Ал ол ХҚКО-ға жүгініп, 20-30 минуттың ішінде шешетін мәселе. Алайда, біз бір-бірімізді кінәлап, кемшіліктер іздеу үшін жұмыс істемейміз. Біз ауыл шаруашылығымызды барынша тиімді, агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдау жүйесін барынша ашық, инвесторлар үшін тартымды жасау үшін жұмыс істейміз», - деді аталған орталықтың бас маманы Азамат Құрманов.
Сонымен қатар таратылған мәліметте, Батыс Қазақстан облысының егістік алқабының 50 пайызы цифрландырылғандығы айтылған. Одан кейінгі орында Қостанай облысы тұр. Бұл өңірдің фермерлері 1962196 гектар алқапты базаға енгізген. Ал Солтүстік Қазақстан облысы фермерлерінің базаға енгізген егістік алқабы мұнан 40 мың гектарға кем. Дегенмен базадағы цифр минут сайын өзгеріп отыратындығын да ескерген жөн.