Қазірі таңда еліміздегі барлық кітаптар, қолжазбалар сандық форматқа көшіріліп жатқанын атап өткен ол: «Бұл тұжырымдамада болашақта Қазақстанда жинақталған 66 млн. 840 мың кітапты толығымен сандық форматқа көшіріп, халық назарына ұсыну қарастырылған. Яғни, кезіндегі элитарлық мәдениетке айналған мәселе бүгінгі күні бұқараға толық ұсыныла алатын жағдай жасалмақ. Бұл тұрғыда тұжырымдаманың бағыты өте дұрыс», - дейді.
Оның пайымынша, қазіргі таңда мәдениетті басқару менеджментіне әлемде қолданылып жатқан технологияларды пайдалану қажет. Яғни, халықтың мәдени нысандарға, орындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Ал ол үшін ақпараттық технологиялары кеңінен пайдалану өте орынды.
Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай еліміздің Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы мәдени саясатының тұжырымдамасын әзірлеген болатын. Онда мәдени саясаттың қағидаттары мен тәсілдерін іске асыру үш кезеңмен жүзеге асыру көзделген. Бірінші кезең 2015-2019 жылдарды қамтыса, келесі кезең - 2020-2030 жылдар аралығы. Ал үшінші кезең 2030-2050 жылдар аралығын қамтиды.
Тұжырымдама жобасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің қарауына енгізіледі.